Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен фасилитациялық сессия өтті. Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бас қосқан жиынға 30-ға жуық ұйым өкілі қатысты.
Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық сектор арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған кездесуді фасилитатор, тәжірибелі тренер-коуч Асқар Секербаев жүргізді. Оған Атырау облыстық ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, дене шынықтыру, спорт және туризм, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.
Шара барысында үкіметтік емес ұйым жетекшілері басқарма басшыларымен бірлесе 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы бағыттарды талқылады. Талқылау нәтижесінде қоғамдағы мәселелерді шешуге көзделген тың бастамалар айқындалып, олардың ішінен ең тиімді әрі өзекті идеялар іріктеп алынды.