"Маленькая страна" - Үлкен жеңіс

2024 жылы 13-14 қыркүйек күндері Өскемен қаласында пара ат спортынан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Жарысқа Атырау облысынан «Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерлан Күміскалиев бастаған құрама команда қатысты. 4 спортшыдан тұратын құрама команда 3 алтын , 1 қола қанжығасына байлады.

Қоғамдық бірлестікті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы игі бастамаларына сәттілік тілейміз!