Басшы блогы
Досқалиева Жаннат Закиқызы 1980 жылы қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген.
Жоғары білім:
1997-2001 ж. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша, 2010-2012 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясында “Құқықтану” мамандығы бойынша оқыды.
Еңбек жолын 2001 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2006-2012 жылдары Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші және бас маманы болып жұмыс істеді.
2012 жылы Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, жастармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі;
2012-2016 жылдары Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2016-2018 жылдары Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмысқа ауыстырылды.
2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ, Жаннат Закиқызы 2017-2018 жылдары Атырау қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі болған.