«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен “Әжемнің ертегісі” жобасы жалғасуда. Кезекті шара тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өтті.

Күміс волонтер Армангүл Асқарова шара барысында дағдарыс орталығының балаларына «Бауырсақ» ертегісін оқыды. Онда балалар ертегі тыңдап қана қоймай, өзара пікір алмасып, ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз қылықтарын саралады.

Шара соңында балалар көңілді би билеп, тәттілер таратылды.