АЛМАС ЕСЕНҒАЛИЕВ “ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ” АТАНДЫ

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына биылғы жылы 15 номинация бойынша 118 өтініш түскен. Олардың ішінен 46 үміткер жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар қатарында Атырау өңірінде салауатты өмір салтын насихаттап, балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына елеулі үлес қосып жүрген ұлттық ойын жанашыры, күміс волонтер Алмаз Есенғалиев та бар. Алмаз Мағазұлы "Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін" номинациясы бағытында үздіктер қатарынан көрінді.

Осы ретте, Алмаз Мағазұлын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы тағылымды бастамаларына сәттілік тілейміз.