
Зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында психологиялық тренинг өтті. Азаматтық орталықтың қолдауымен өткен тренингте күміс волонтер, психолог Айгүл Сансызбай ана және баламен ашық форматта диалог құрды.
Тренинг барысында күміс волонтер ана мен баланың психологиялық саулығын күшейтуге бағытталған жаттығулар мен пайдалы практикалық кеңестер ұсынды.
Психолог жүргізген интерактивті жаттығулар қатысушылардың эмоциялық жағдайын реттеп, қуаныш, толқу және көз жасы сияқты шынайы сезімдерді еркін сезініп, қабылдауға мүмкіндік берді. Өз кезегінде ана күміс волонтерге айрықша алғысын жеткізді.