
Құрманғазы ауданында Азаматтық орталықтың “QOLDAY” облыстық конкурсының иегері «Құрманғазы туған жер» қоры «Арман алаңы» жобасын бастады. Жоба ерекше қажеттіліктері бар 100-ге жуық бала мен 30-ға жуық ата-анаға психологиялық, педагогикалық және кәсіби қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Балаларға психологиялық тренингтер, логопедиялық және дефектологиялық түзету, әлеуметтік бейімдеу қызметтері ұсынылады. Сондай-ақ ересектерді кәсіби қайта даярлау, жаңа мамандыққа бейімдеу көзделген.
Жобаға Құрманғазы ауданы әкімдігі, облыстық білім басқармасы, аудандық медицина мекемелері және қоғамдық ұйымдар серіктес болып отыр. Нәтижесінде ондаған ата-ана кеңес алып, 60-қа жуық ересек жаңа мамандық игереді, ал балалардың бір бөлігі инклюзивті ортаға бейімделмек.