АТЫРАУ ӨҢІРІНЕН 8 ҮЕҰ СЫЙЛЫҚАҚЫ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Биыл ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсына еліміз бойынша барлығы 192 ұйым өтінім тапсырған. Соның ішінде, конкурс нәтижесі бойынша 73 жоба үздік деп танылды. Осы ретте, Атырау қаласынан қатысқан 8 ұйымның жобасы жеңімпаздар қатарынан көрініп, көш бастап тұрған Астана мен Алматы қалаларынан кейін үздік үштікке енді. 

Ал, өткен жылы өңірден жеті ұйымның жобасы жеңімпаз атанған болатын. Аталған конкурста жергілікті ҮЕҰ-дар екі жыл қатарынан Астана мен Алматы қалаларынан кейін көш басында келеді. Бұл – еліміздің ірі қалаларынан кейінгі жоғары көрсеткіш. Атыраулық үкіметтік емес ұйымдардың бұл жетістігі – ұйымдардың белсенділігі мен олардың қоғам игілігі жолындағы табанды еңбегі, азаматтық қоғамның дамуындағы маңызды қадам және өңірдің әлеуметтік өміріне қосқан зор үлесінің айғағы.

2025 жылғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жүлдегерлері:

1.    «Batikkami» мәдени қоры - Мәдениет пен өнерді дамыту бағыты

2.    «Атамекен Эко» қоғамдық қоры - Қоршаған ортаны қорғау бағыты

3.    «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық Бірлестігі - Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бағыты

4.    «Shyraq Education» жеке қоры - Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бағыты

5.    «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық Қоры - Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бағыты

6.    «Ер Жүректілер» қоғамдық қоры - Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бағыты

7.    «Миялы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі  - Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау бағыты

8.    «Мөлдіркөз» көзі көрмейтін мүгедектер  қоғамдық бірлестігі - Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау бағыты

Сыйлықақы жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!