
Атырау облысында волонтерлерге арналған «DEMEY» облыстық конкурсы аясында жеңімпаз атанған Динара Құдайбергенова «Жақсылықты жарқырат» атты жобаны жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты – Атырау өңіріндегі белсенді волонтерлердің шынайы бастамаларын көрсету арқылы жергілікті тұрғындарды еріктілікке тарту. Сонымен қатар 35 жастан асқан волонтерлердің қызметін кеңінен насихаттап, қоғамда волонтерлік мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал ету.