«Ауыл Spark – идеялар тоғысы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау үшін комиссия отырысы өтті. Атырау облысына қарасты аудандар мен ауылдық аймақтағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 12 ұйымнан өтінім келіп түсті.
Байқау барысында комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылардың жобаларымен танысып, құжаттарын бірқатар критерийлерге сәйкес бағалады. Үздіктерді анықтау кезінде әр жобаның маңыздылығы және құжаттары жіті сараланып, тексерілді.
Нәтижесінде, комиссия шешімі бойынша 5 ұйым үздік деп танылды. Олар:
1. «Алтын тұғыр» қоғамдық бірлестігі - Қалиева Арайлым Өтемісқызы
2. «Миялы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі - Мұратов Асылбек Нұрланұлы
3. «Ақбілек Индер» қоғамдық қоры - Габдулова Салтанат Габдулқызы
4. «Жылыой Жүрек Жылуы» қайырымдылық қоры - Қайырова Гүлжанар Орынбасарқызы
5. «Bolashaq Kemenger Zhastary» қоғамдық бірлестігі - Сапаров Наурызбай Қанатұлы
Айта кетейік, үздік жоба жеңімпаздары Астана және Алматы қалаларының белсенді үкіметтік емес ұйымдарымен тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарға жіберіледі.
Жоба жеңімпаздарын құттықтай отырып, алдағы игі бастамаларына сәттілік тілейміз!