Тәуелсіздік – өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық таңының атқанына биыл 34 жыл. Осы уақытта ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт еліміз толайым табыстарға қол жеткізді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосқан батырларымыздың рухына тағзым етеміз.
Еліміздің Тәуелсіздігі күнімен тағы да баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жарқын жетістіктер мен амандық тілейміз!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын.