БЕНЧМАРКИНГ: ҚАТЕЛІКТЕН ЖЕТІСТІККЕ ДЕЙІН

“Бенчмаркинг: қателіктен жетістікке дейін”. Осындай атаумен Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті. Үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерге арналған жиынға 10-нан астам адам қатысты.

Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің тәжірибе алмасуын, ұйым жұмысындағы тиімді тәсілдер мен табысты тәжірибелерді анықтауды көздеген кездесуді кәсіби коуч-тренер Гүлжан Елешова жүргізді. Ол қатысушыларға бенчмаркинг ұғымының мәнін, ұйымның даму стратегиясында оның маңызын және нақты мысалдар арқылы қолдану жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, қатысушылар тренинг барысында пікір алмасып, жоба жазу кезіндегі мәселелерді талқылады.