«БІЗ ДЕ АДАМБЫЗ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӨҢІР НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ

Тараз қаласында өткен VII Спартакиада аясында пара жүзу спортынан «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының спортшылары жетістікке жетті!

Байрақты бәсекеде Дәурен Абатов пен Нұрсұлтан Қалымов жүлделі III орын иеленсе, Ақжол Кенжеғали II және III орын иегері атанып, өңір намысын абыроймен қорғап шықты.

Бұл жеңіс — талмай дайындық пен ерік-жігердің айқын көрінісі! Спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда тек биіктен көріне берулеріне тілектеспіз!