Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен «Біз таңдаған жол» жобасы аясында балаларға арналған психологиялық тренинг өтті. “Birgemiz: Saulyq” бағыты бойынша ұйымдастырылған шараны кәсіби психолог, күміс волонтер Бибігүл Серікқалиқызы жүргізді.
Ауыр дертпен күресіп жүрген жандарға психологиялық қолдау көрсету, өмірге деген сенімін арттыру және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында өткен жиынға 20-дан астам бала қатысты.
Шара барысында психолог емделушілерге күйзелісті жеңу, ішкі үйлесімді сақтау жөнінде ойындар ұйымдастырып, мотивация мен өмірлік жігерді нығайту бойынша пайдалы кеңестер айтты.