Біздің ҮЕҰ-дар бас қалада

Атыраулық белсенді үкіметтік емес ұйымдардың бірі «Жолашар» қоғамдық қорының мүшесі ғалым-химик, парфюмер Л.Утеулиева Астана қаласында «PRO.NRG FEST 2024 Tabigat&Science» фестивалінде «AromaMagic - ғылым және қиял» тақырыбында сөз сөйлеп, шеберлік сабағын өткізді.

Аталмыш фестиваль заманауи ғылымның көмегімен адам мен табиғаттың үйлесімді тіршілігіне жаңа көзқараспен танысуға болатын орын. Фестивальде 30-дан астам ғылыми-көпшілік дәрістер, шеберлік сағаттар, интерактивті сессиялар мен практикумдар ұйымдастырылды.

«Жолашар» қоғамдық қорына алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз
👏🏻😍