БҚО ӨКІЛІ АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Шукеева Гүлжанар Болатқызы Атырау өңіріне сапары аясында Азаматтық орталыққа келді.

Сапар барысында басқарма өкілі орталықтың негізгі қызмет бағыттары, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы, волонтерлік бастамаларды дамыту және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен егжей-тегжейлі танысты.

Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Гүлжанар Болатқызы орталықтың рөліне жоғары баға беріп, үкіметтік емес ұйымдар жұмысын дамытуда орталықтың орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Азаматтық орталықтың» бұл бағыттағы қызметі қоғамдық даму саласындағы маңызды тәжірибе алаңы екендігін жеткізді.