“CONNECT QUIZ: БЕЛСЕНДІЛЕР БӘСЕКЕСІ”

“CONNECT QUIZ: Белсенділер бәсекесі”. Осындай атаумен интеллектуалдық куиз ойыны өтті. Атырау облысы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өткен білім сайысына депутаттар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған 18 топ қатысты.

Зияткерлік ойынға қатысушылар білім-біліктерін шыңдап, әлеуметтік мәселелерге қатысты түрлі мазмұндағы сауалдарға жауап берді. Нәтижесінде, “Жастар Рухы” қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанса, екінші орынды Исатай аудандық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құралған “Тайлақ және оның командасы” иеленді. Ал, “Наркескен” қоғамдық бірлестігінің командасы үшінші орынға тұрақтады.

Шара барысында «Атырау облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Фатима Төлеева өңірдегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға Қазақстанның Азаматтық Альянсының алғыс хатын табыстады. Нақтырасақ, «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы Жібек Бисенова, «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлсім Биташева, «Жарқын Жанұя» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Құдайбергенова марапатталды.

Айта кетейік, мәслихат депутаттары мен азаматтық қоғам арасында ұйымдастырылған алғашқы куиз ойыны алдағы уақытта да жалғасын таппақ.⠀