«DEMEÝ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Атырау облысының әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосып жүрген 35 жастан жоғары волонтерлер мен волонтерлік топтарын көтермелеуді арттыру мақсатында «Demeý» облыстық конкурсына өтінім қабылдау басталды.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) Атырау облысында қызмет ететін волонтер (жеке тұлға) немесе волонтерлік ұйым болу;

2) Жобаны Ережедегі №1, №2, №3 қосымша талаптарына сәйкес толтыру;

3) Жобаңыз туралы 5 беттен аспайтын презентация дайындау;

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер demeu.gcenter2025@gmail.com поштасына  14 шілдеден 13 тамызға дейін қабылданады.

Өтініштер арнайы құрылған коммисия арқылы қаралып, жеңімпаз болған 6 волонтерлік жобаға (әрқайсысына) 1 000 000 тг көлемінде қаржылай қолдауға ие болады.

Байқаудың толық ережесімен https://atyraunpo.kz/kz сайтынан танысуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша:

87015215406

87788604143

 

Демеу конкурсы