
Азаматтық орталық мекемесінде «DEMEÝ» облыстық конкурсы бойынша волонтерлер өз жобасын қорғады. Конкурсқа 26 волонтер қатысты.
Байқау аясында комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылардың жобасымен танысып, құжаттарды белгіленген талапқа сай бағалады. Нәтижесінде, комиссия шешімі бойынша 6 үздік жоба анықталды. Олар:
Есенғалиев Алмаз Мағазұлы – «Рухани және спорттық ойындар керуені» жобасы
Молдағалиева Бибігүл Серікқалиқызы – «Үміт сәулесі» жобасы
Сағынғали Алтынай Тілекқызы – «Мұраға сапар» жобасы
Құдайбергенова Динара Омархановна – «Жақсылықты жарқыратып» жобасы
Ермұханова Гүлбарам Саматқызы – «Қауіпсіз қоғам» Төтенше жағдай кезінде халыққа көмектесетін волонтерлық топ құру жобасы
Ерсейтова Шахарман Әбілқасымқызы - “Құрақпен тігілген үміт” жобасы
Жоба жеңімпаздарын құттықтай отырып, алдағы игі бастамасына сәттілік тілейміз!