
Ақтау қаласында 7-14 шілде аралығында тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жастар мен ересектер қатысқан додада еліміздің 14 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.
Ел чемпионатында Атырау намысын қорғап, жүлдегер атанған спортшылар арасында “Ер жүректілер” қоғамдық қорының спортшылары да бар. Байрақты бәсекеде классика жүйесі бойынша қор өкілдері Мукадия Куангереев, Айна Жайсанбаева және Мұхамедмади Ерланұлы қола жүлдеге ие болды. Ал, Мырзабек Наурызбекұлы классика жүйесі бойынша күміс жүлде иеленсе, рапид жүйесінде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, қор өкілі Нәсіп Адайбаева жоғары ойын өрнегін қатысып, көрермен ықыласына бөленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!