
“Ерекше Ана- Ерекше мен 16+” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Erekshe Fashion 2024 Autumn show“ атты шарасы өтті.
Шараның мақсаты- Қоғамға ерекше балаларды жан-жақты көрсету. Бұл шара 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. “Erekshe Fashion 2024 Autumn show“ жобасына 43 қатысушы қатысып, оның ішінде 30 ерекше бала, 13 аналар қатысты.
Шара соңында балалар және аналарға арнап, сертификаттар табысталып, арнайы демеушілер атынан сыйлықтар берілді.
Қоғамдық қорға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!