ЕРІКТІЛЕР ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
«Demeŷ» жобасының жеңімпаздары өз жұмыстарын жалғастыруда.
Облыстық байқауға ұсынылған жобалар əртүрлі бағыттарды қамтыды. Оның ішінде:
🔹 Атырау қаласынан Алтынгүл Шакимова «Үй жағдайындағы балалардың қауіпсіздігі»;
🔹Қарлығаш Күзембаева «Инклюзия бағытындағы ерекше балаларға қолдау»;
🔹Мақат ауданынан Шаяхмет Ишанғалиев «Демеу» қайырымдылық дүкені;
🔹Индер ауданынан Рита Жанесеева «Қысқы спорт»;
🔹Махамбет ауданынан Мухадия Қуангереев «Мейірім шуағы» жобасымен жеңімпаздар қатарынан көрінді.
📌Айта кетейік, конкурс өңірдің әлеуметтік және қоғамдық іс-шараларында белсенді 35 жастан жоғары волонтерлер мен волонтерлік топтарына қолдау көрсету мақсатында өткен болатын.