ЕРЖАН НҰРПЕЙІСОВ «АУЫЛ НАҚЫШТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТОБАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

«Ауыл» партиясы ұйымдастырған республикалық «Ауыл нақыштары» фотобайқауының қорытындысы жарияланды. Аталған конкурс Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін сақтауға және насихаттауға, фотожурналистиканы дамытуға, мәдени алмасуды күшейтуге, сондай-ақ ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Байқауға еліміздің 20 өңірінен 678 қатысушы қатысып, 3366 фотосурет ұсынды. Фотосуреттер арасынан «Ауыл пейзаждары», «Еңбек адамының фотосуреті», «Фоторепортаж», «Ауылдағы бақытты балалық», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

Осы ретте, «Еңбек адамының фотосуреті» номинациясы бойынша “Golden Steppe Explorers” қоғамдық қорының жетекшісі Ержан Нұрпейісовтың жұмысы көрермен ықыласына бөленіп, жеңімпаз атанды.

Ержан Нұрпейісовты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылығына толағай табыс тілейміз