
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуды атап өтті. Осы ретте, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің жұмысын цифрландыруды жетілдіру мақсатында stat.gov.kz порталы арқылы тапсырылатын статистикалық есепке қатысты жүздесу өтті. Оған 30-ға жуық адам қатысты.
Кездесуде арнайы мамандар порталдың жұмыс істеу алгоритмі, есепті тапсырудың мерзімдері мен тәртібі бағытында ұйым өкілдеріне бағыт берді. Ондағы мақсат – азаматтарға уақытын үнемдеп, қызмет көрсету үрдісін жеңілдетіп, портал арқылы есепті қашықтан тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, есепті толтыру кезінде кездесетін негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары да түсіндірілді. Өз кезегінде қатысушылар сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.