
ГРАНТТЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымға арналған мемлекеттік гранттар жариялаған болатын. Осы орайда, азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен ақпараттық кездесу өтті. Оған 10-нан астам ұйым өкілі қатысты.
Шара барысында Әнел Маратова грантқа түсу және оған қатысу, өтінімдерді толтыру бағыты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде қатысушылар жобаға қатысты көкейдегі сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.
Облыстық ішкі саясат басқармасы жариялаған грантта 13 басым бағыт қамтылған. Биылғы жылдың басты ерекшелігі ауылдық жастар мен балалар бастамаларын қолдауға көп көңіл бөлінуде. Айта кетейік, қысқа мерзімді гранттарға өтінімдер 13 ақпанға дейін қабылданады.