"Жан-Еркемай" жүлдемен оралды

Астана қаласынан «Жан- Еркемай- Атырау» қоғамдық қоры “Жұлдызай” Ұлттық инклюзивті ойындарынан жүлделі орындармен оралды🥳🤩

Іс- шара 3-5 қазан аралығында ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Жұлдызай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш ойындарға 10-16 жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар жеңіл атлетика,гондбол , мини-футбол, үстел теннисі, ұлттық ойын түрлері: бес тас, асық ату және тоғыз құмалақ ойын түрлерінен сайысты. Республикалық байқауға 600- ге жуық спортшылар қатысты.

Атырау қаласынан «Жан- Еркемай- Атырау» қоғамдық қорының балалары жарысқа қатысып, паралимпияда бағытында боччадан 1,2,3 дәрежелі жүлделерді қанжығаларына байлады. Алдағы уақытта қоғамдық қорға биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспіз🙌🏻