«Біз таңдаған жол» жобасы аясында «Жан жылуы» волонтер-аналар клубының шеберлік сағаты өз жалғасын табуда. Шара барысында мамандар волонтер-аналарға тоқыма және моншақ бұйымдарын жасау әдістерін үйретіп, қолөнердің қыр-сырымен бөлісуде.
Айта кетейік, жоба соңында қатысушылар дайындаған бұйымдарын арнайы орталықтардың балаларына табыстайтын болады. Қазіргі таңда аналар мен кәсіби мамандар мейірім мен шеберлікті тоғыстыра отырып, түрлі қолөнер туындыларын, яғни, тоқыма киімдер, кестеленген сөмкелер мен қажетті бұйымдарды дайындау үстінде.