
«Азаматтық орталық» ғимаратында жаңадан тіркелген үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған тренинг өтті. Шара жаңа құрылған ұйымдарға бағыт-бағдар беріп, олардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
“ҮЕҰ академиясы” тақырыбында өткен тренинг аясының алғашқы күнінде Гүлжан Елешова ҮЕҰ қызметі туралы, миссиясы мен мақсаты, қоғамдағы маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, жоба әр апта сайын өз жалғасын табатын болады. Онда жобаны жасақтау әдістерін үйретіп, жоба дайындаудағы негізгі қағидалар мен талаптар бойынша толыққанды айтылады.