«ЖАНЕРКЕМАЙ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Астана қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында спорттық турнир өтті. Жыл сайын өткізілетін «Жұлдызай–2025» ұлттық инклюзивті ойындары аясында өткен сайысқа еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысты. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен байрақты бәсеке үш күнге созылды.

Балалардың ерік-жігерін шыңдап, достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған жарыс 9 спорт түрінен ұйымдастырылды. Атап айтсақ, қатысушылар мини-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, голбол, бочча, шоудаун, сондай-ақ, ұлттық ойындар – бес тас, асық ату, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

Аталған сайыста «ЖанЕркемай» қоғамдық қорының жанынан ашылған Атырау облысы бойынша Бочча федерациясынан 13 спортшы өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қордың 11 спортшысы жүлделі орындарға ие болды.

Барша қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!