
Жоба жазуды үйрену бағытында 35 жастан асқан және 50 жастан жоғары күміс волонтерлерге арналған тренинг өтті. Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өткен шараға волонтерлар мен осы салада қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Шара барысында Гүлжан Елешова жобаны жасақтау кезеңдері мен әдістерін үйретіп, жоба дайындаудағы негізгі қағидалар мен талаптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде қатысушылар жобаға қатысты көкейдегі сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.