«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлер күніне орай Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. 

Жеңімпаздар қатарында Атырау өңірінен күміс волонтер Алмас Есенғалиев, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының әлеуметтік жобалар жетекшісі Рысты Жексенбаева және "Jana Jastar" волонтерлік ұйымының төрағасы Нұртас Айтқалиев бар. Алмас Есенғалиев “Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін” номинациясы бағытында үздік атанса, Рысты Жексенбаева “Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы”, Нұртас Айтқалиев "Жануарлар жанашыры" номинациясы бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Жыл волонтерлерін лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!