Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен “ҮЕҰ мектебі” жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдеріне арналған оқыту жұмыстары өткізілді. Шараға 50-ге жуық ҮЕҰ өкілдері қатысты.
“ҮЕҰ мектебі” облыс көлемінде белсенді ҮЕҰ-дың әлеуетін және кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді. Жоба аясында Нұрлан Азаматов «Ораторлық өнер» атты семинар-тренингте «Сөз сөйлеудің құрамы» «Еркін сөйлеу» «Дене тілі» «Қолдың қимылы» тақырыптары бойынша теориялық сабақтар өткізіп, практикалық жұмыстар жүргізді.
ҮЕҰ өкілдерінің арасында өткен шараны Азаматтық орталық басшысы Ж.Досқалиева қорытындылап, сертификаттар табыстады.
Алдағы уақытта ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыруға арналған оқытулар жалғасын табатын болады.