
30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай “Азаматтық орталық” және “Атырау 06 регион” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында шеберлік сағаты өтті. Шараға 20-ға жуық адам қатысты.
Аға буын өкілдерін қолдау және шығармашылық арқылы рухани сергітуді мақсат еткен шеберлік сағаты барысында қатысушылар қолөнер бұйымдарын жасады.
Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.