
26 қазан «Мен бармын» қоғамдық қоры 13 қазан- Халықаралық Мүгедектер күніне орай күн сәулелі балалардың қатысуымен ертегі мюзиклы қойылды. Шара облыстық халық шығармашылық орталығында 100-ден астам көрерменнің ықыласымен өтті.
Шараның мақсаты- даун синдромы бар балаларды театр мен өнер арқылы қоғамға бейімдеу. Шараға 15 күн сәулелі балалар қатысып, «Шахерезада» ертегі мюзиклі, «Дос Мұқасан» пародиясы, «Анажан» хоры, «Мы двоем» биі, мультфильм кейіпкерлеріне арналған көріністер қойылды.
Шара соңында «Мен бармын» қоғамдық қорының басшысы Зайда Нуғманова сөз сөйлеп, Атырау қаласының әкімі атынан аналарға алғыс хаттар табыстады.
Алдағы уақытта «Мен бармын» қоғамдық қорына шығармашылық табыстар тілейміз!