МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА «САУ ЖҮРЕК – САУ ӨМІР» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Махамбет ауданында «Біз таңдаған жол» жобасы аясында «Сау жүрек – Сау өмір» акциясы өз жалғасын тапты. Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өткен шара «Birgemiz: Saulyq» бағытында жүзеге асырылуда.

Акцияға 20-ға жуық адам қатысып, күміс волонтер, алғашқы көмек нұсқаушысы Айсұлу Сұлтанқызы жүрек-өкпе реанимациясы бойынша тәжірибесімен бөлісіп, кеңес берді. 

Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға тонометрлер сыйға беріліп, оларды қолдану тәсілдері үйретілді.