«МАЛЕНЬКАЯ СТРАНА» ӘЛЕУМЕТТІК АУЫЛЫНДА ВОРКАУТ-АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

«Тыныштық пен шабыт кеңістігі». Осындай атаумен «Үздік күміс волонтер» байқауының жеңімпазы Озика Гайсина арт-терапия өткізді. Азаматтық орталықтың бастамасымен жүзеге асқан шара «Біз таңдаған жол» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткен шара балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, эмоциялық тұрақтылығын нығайту және өнер арқылы ішкі сезімдерін еркін жеткізуді мақсат етті.

Аталған шараға 15 бала қатысты. Олар арт-терапия барысында өздері таңдаған тақырыптарда сурет салып, ойларын бейнеледі.