Атырау облысы Мақат ауданында «Future Sport» абилитациялық орталығы ашылды. Ментальды ауытқулары бар балаларға арналған орталықтың ашылу салтанатына мемлекеттік қызметшілер, әлеуметтік кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысты.
«Сенім тірегі» қоғамдық қоры жанынан ашылған «Future Sport» абилитациялық орталығы өңірде 6 жылдан астам уақыт бойы ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау көрсетіп келеді. Осы ретте, Мақат ауданындағы бұл филиал ата-аналардың сұранысы бойынша балаларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында өз жұмысын бастады. Мұнда логопед, дефектолог, ABA-терапия мамандары және АФК инструкторы қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, орталықта бейімделген спортқа арналған арнайы жабдықтар, сенсорлы интеграция бөлмесі, логопедиялық және дефектологиялық құралдармен толық қамтамасыз етілген.