
Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен мобилография бағытында шеберлік сағаты өтті. «MediaSchool» оқыту курсы шеңберінде өткен шараға үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Курс барысында мобилографқа қажет негізгі мәліметтер толық қамтылды. Яғни, қатысушылар смартфон арқылы видео түсірудің қыр-сырын үйренді. Сонымен қатар, оны өңдеу, мәтінді түрлендіру және әуенмен сүйемелдеу бағыттары көрсетілді.
Айта кетейік, «MediaSchool» оқыту курсы шеңберінде өтетін шеберлік сабақтары алдағы уақытта жалғасатын болады. Онда Instagram және Tiktok әлеуметтік желілері бойынша ақпараттар айтылмақ.