
МОБИЛОГРАФИЯДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Азаматтық орталықта мобилография және әлеуметтік желіні қолдану бағытында шеберлік сағаты өтті. Оған аудандардан келген мамандар қатысты. Сабақ теориялық және практика жүзінде іске асты.
Оқыту курсын жүргізген видеограф-мобилограф Нұрлан Қанатов смартфон арқылы видео түсірудің қыр-сырын үйретті. Курста мобилографқа керекті негізгі мағлұматтар толығымен қамтылды. Яғни, арнайы бағдарлама арқылы видео түсіру, монтаждау, жасанды интеллект арқылы мәтінді түрлендіру, мәтін жазу сынды бағыттар көрсетілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желіні қолдану және тақырып өзектілігі бойынша да айтылды.
Екі күнге созылған жиынның алғашқы тәулігінде әлеуметтік жобалар жазу, гранттық конкурстарға қатысу, қаржыландыру көздерін табу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған орай, жоба жазу бойынша тапсырмалар берілді. Шеберлік сағатының келесі күнінде қатысушылар тапсырма бойынша жобаларын қорғап, талқылады.