“Ән бізді біріктіреді”. Осындай атаумен “Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің жылдық есеп беру шарасы өтті. Жұмыскер мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты кеште 50-ге жуық ерекше бала өз өнерін көрсетті.
Шара барысында қоғамдық бірлестік жанынан халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанғандарға алғыс хат табысталды.
Айта кетейік, қоғамдық бірлестік ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеу, олардың музыкаға деген қызығушылығын оятып, қолөнер мен шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында ашылған. Қазіргі таңда онда Атырау облысы бойынша 150 адам тәлім алады.