
ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
"Ана-тіршілік тірегі". Осындай атаумен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай "Жарқын ЖанҰя" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. "Kuralay" өнер студиясы ғимаратында өткен кездесуге алтын және күміс алқа иелері, көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар қатысты.
Шара барысында қатысушылар сурет салса, өнер студиясының жас өнерпаздары күй тартып, көрермен ықыласына бөленді. Мерекелік бағдарлама соңында аналарға сыйлықтар табысталып, жиналғандар ұйым өкілдеріне жылы лебіздерін білдірді.