
Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Күміс волонтерлердің қатысуымен өткен шара балалардың психологиялық саулығын нығайту, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру және эмоциялық тұрақтылығын дамыту мақсатында өтті.
Тренинг барысында балалар өз эмоцияларын тану, ішкі күйзелісті жеңу жолдары, дұрыс қарым-қатынас орнату дағдылары бойынша жаттығулар орындап, интерактивті әдістер арқылы қатысушылармен ашық байланыс орнатуға мүмкіндік алды.