
Азаматтық орталық ғимаратында «Qabilet» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Qabilet» КЕҰ акселераторы аясында тренингтің үшінші күні өтуде. Атырау қаласы мен Жылыой ауданында азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жергілікті коммерциялық емес ұйым өкілдері мен белсенділердің әлеуетін арттыру, оларды тиімді әлеуметтік жобаларды жазу және жүзеге асыруға үйретуді мақсат еткен жобада қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асыруға нақты мүмкіндік беріледі. Бұл бағдарлама еріктілер мен бастамашыл топтарға, коммерциялық емес ұйым өкілдеріне және қоғамдық ұйым ашып, әлеуметтік жобалармен айналысқысы келетіндерге арналған.
Семинар аясында қатысушылар әлеуметтік жобаларды жазу және жүзеге асыру әдістері, гранттарға өтінім дайындау және оны іске асыру жолдары, қаржылық есеп жүргізу және фандрайзинг негіздері бағытында үздік тренерлерден кәсіби кеңестер алуда.