ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАДА «ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

№7 қалалық кітапханада «Әжемнің ертегісі» жобасы жалғасын тапты. Күміс волонтерлердің қатысуымен өткен тағылымды шараға кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығының балалары қатысты.

 

Балалар назарына «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты театрландырылған ертегі қойылымы ұсынылды. Онда қатысушылар ертегі тыңдап қана қоймай, шағын көріністер қойып, өзара пікір алмасып, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қылықтарын саралады.

 

Іс-шараның жалғасы табиғат аясында өтті. Жасыл көгалда балалар еркін ойнап, өздерін ертегі кейіпкеріндей сезінді. Кеш соңында әр жасөспірімге көркем әдеби кітаптар сыйға тартылды.