ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН КҮРЕС – ӨМІРГЕ ҮЛЕС!

ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН КҮРЕС – ӨМІРГЕ ҮЛЕС!

Облыстық онкология диспансерінде 4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай психологиялық тренинг өтті. Аурухананың ем алушыларына арналған шараға «Азаматтық орталығы» КММ-сінің күміс волонтерлері, «Жаныңдамын» қоғамдық қорының еріктілері және «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиев қатысты.

Шара мақсаты – қоғамда кең таралған «Қатерлі ісік – жүз пайыз өлімге әкелетін кесел» деген қате түсінікті сейілту. Сонымен қатар, еріктілердің игі істері арқылы қатерлі ісіктің ерте анықталуы мен уақытылы дұрыс терапиялық ем қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру.

Науқастарға қолдау көрсетіп, қатерлі ісікпен күресуге ынталандыруға бағытталған шарада психологиялық ойындар ойнатылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ем алушыларға сыйлықтар табыс етілді.