«QOLDAÝ» ЖӘНЕ «DEMEÝ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Атырау облысы ХІІ Азаматтық форумының екінші күнінде «Qoldaý» және «Demeý» конкурсының жеңімпаздарын ұлықтау рәсімі өтті. Үздік деп танылған жоба иелерін облыс әкімі Серік Шәпкенов арнайы құттықтап, марапаттарын табыстады. 
 
Салтанатты шара барысында аймақ басшысы «Qoldaý» конкурсы аясында жеңімпаз болған 6 үкіметтік емес ұйымның әрқайсысына 2 миллионнан 12 000 000 теңге, «Demeý» конкурсы аясында жеңімпаз 6 волонтерлік жобаның әрқайсысына 1 000 000 теңгеден 6 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстады.