«QOLDAÝ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Азаматтық орталық ғимаратында «Qoldaý» облыстық конкурсы бойынша ҮЕҰ жетекшілері өз жобаларын қорғады. Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қолдау көрсету және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 31 үкіметтік емес ұйым қатысты.

Байқау барысында комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылардың жобаларымен танысып, құжаттарын бірқатар критерийлерге сәйкес бағалады. Үздіктерді анықтау кезінде әр жобаның маңыздылығы және құжаттары жіті сараланып, тексерілді. 

Нәтижесінде, комиссия шешімі бойынша 6 ұйым үздік деп танылды. Олар:

- «Ер жүректілер» қоғамдық қоры

- «Мейірімді жан» қоғамдық қоры

-  «IMPACT ATYRAU» қоғамдық қоры

- Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар «Атырау облысы қолөнершілер қауымдастығы

-  «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қоры

-  Атырау «06 регион» қоғамдық қоры

Жоба жеңімпаздарын құттықтай отырып, алдағы игі бастамасыларына сәттілік тілейміз!