
«Азаматтық орталық» мекемесінің ұйымдастыруымен “Qolday” облыстық конкурсына өтінімдерді толтыру бойынша кездесу өтті. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған шараға 20-ға жуық ұйым өкілі қатысты.
Кездесу өңірлік ҮЕҰ-дың жобаларды әзірлеу және конкурсқа қатысу процесіндегі біліктілігін арттыру, сонымен қатар конкурс шарттары мен талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға өтінімдерді дұрыс толтыру, жобалардың әлеуметтік тиімділігін көрсету, бюджетті құру және қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз кезегінде жоба бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, нақты кеңестер алды.