
Атырау облысының әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қолдау көрсету және жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында «Qolday» облыстық конкурсына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Конкурсқа өтінімдер qolday2025@gmail.com поштасы арқылы 9 шілдеден 8 тамыз аралығында қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін:
✔Атырау облысында тіркелген ҮЕҰ болу;
✔ Жобаны ережедегі №1, №2, №3 қосымша талаптарына сәйкес толтыру;
✔ Жобаңыз туралы 5 беттен аспайтын презентация дайындау;
Өтініштер арнайы құрылған коммисия арқылы қаралып, жеңімпаз болған 6 ҮЕҰ (әрқайсысына)
2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болады.
Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтынан танысуға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша телефон нөмірі:
87025956048
87782533793
Ережесі төменде қосымша жалғанды.