ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЙБЕК СЫДЫҚОВ АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Атырауға іссапары барысында Азаматтық орталық жұмысымен танысты. Кездесу барысында вице-министрге орталықтың негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа бастамаларын қолдауға бағытталған жұмыстар айтылды.

Сонымен қатар, Айбек Жексенәліұлымен өткен жүздесуде мәдениет бағытында белсенді қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері сол саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Шара аясында «Golden Steppe EXPLORERS» қоғамдық қорының жетекшісі Ержан Нұрпейісовтің Атырау өңірінің әсемдігін бейнелейтін жеке фотокөрмесі көрсетіліп, көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, қор төрағасы өңір жастарының шығармашылық әлеуеті мен азаматтық белсенділігі туралы айрықша атап өтті.